«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«А.Жұбанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная средняя школа имени А.Жубанова» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
«Қамқор» обасы бойынша «Қоғамға қызмет ету» волонтерлік тобы жалғызбасты ананың үйіне ағаш жарып, отын тасып қол көмек көрсетті. Мақсаты: оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа, жанашырлыққа баулып, сауапты істерге тарту.
«Денсаулық – зор байлық» фестивалі аясында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында «Біздің мектеп буллингке қарсы!» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары челлендж ұйымдастырды. Челлендж барысында оқушылар бір жағынан салауатты өмір салтын насихаттап флешмоб биледі.
«1 қыркүйек – Білім күні» қарсаңында «Мектеп мейірім мекені» тақрыбында салтанатты жиын өткізілді. Жиынға 1 және 11 сынып оқушылары мен педагог кадр құрамы қатысты. Жиын арты сынып сағаттарымен жалғасты.
Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру бойынша «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» жобасы аясында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Оқу жылының басталуына орай «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына енгізілген айтулы өзгерістер баяндалып, сонымен қатар мектептің ішкі ережесі, мектеп формасы, ағымдағы оқу тоқсанындағы оқу процестері жайында айтылды. Аталған жоба аясында отбасы күніне орай «Отбасы- тәрбиенің алтын бесігі» челленджі ұйымдастырылды. Оқушылар ата-аналарымен бірге жасаған жұмыстарын көрсетті, фотоальбомдар ұйымдастырылды.
«А.Жұбанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная средняя школа имени А.Жубанова»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»